Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
былай деді:— Алдыңыздағы пенделеріңіздің арасында елу шақты қайратты ер адам бар. Олардың барып, қожайыныңызды іздеп келулеріне рұқсат ете көріңіз. Мүмкін, Жаратқан Иенің Рухы оны көтеріп әкетіп, бір тау басына немесе бір аңғарға тастап кеткен шығар! — Ал Еліше:— Жоқ, оларды жібермеңдер! — деп қарсылық білдірді. Бұдан кейін Рух мені көтеріп алды. Сонда мен арт жағымнан: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Өзінің тұрағында мадақталсын!» деген күркіреген зор дауысты естідім. Сонымен Рух мені көтерді де, алып кетті. Мен қайғырып, іштей қатты наразыландым. Бірақ Жаратқан Иенің үстімдегі рухани құдіреті өте күшті болды. Құдайдың хабаршысы қолын созғандай болып, мені шашымнан ұстап алды. Рух мені жер мен аспанның аралығына көтеріп алып, Құдай маған көрсеткен көріністерде Иерусалимге апарды. Сонда Рух мені Құдайдың қаһарын туғызған жалған тәңірдің мүсіні тұрған ішкі ауланың солтүстік қақпасының кіреберісіне алып барды. Олар судан шыққанда, Жаратқан Иенің Рухы Філіпті білдірмей алып кетті. Содан қайтып уәзір оны көрген жоқ. Солай болса да, ол қуанышқа кенеліп, өз жөніне кетті.
Выбор основного перевода