Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, құрбандық үстеліндегі түгелдей өртелетін құрбандықтар мен майлы бөліктерді жалмап қойды. Осыны көргенде бүкіл халық қуаныштан айқайлап, етпеттерімен жерге құлап, тағзым етті. Ілияс пайғамбар халықтың алдына шығып, оларға тіл қатып былай деді:— Қашанға дейін екі ойлы болып толқып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие Құдай болса, онда Оның жолымен жүріңдер! Ал егер Бағал Құдай болса, соның жолымен жүріңдер!Бірақ халық пайғамбарға жауап беріп, бір сөз де айтқан жоқ. Бұдан соң ол: «Тағы да құйыңдар!» — деді. Жұрт екінші рет құйғанда ол: «Үшінші рет құйыңдар!» — деп бұйырды. Олар үшінші рет те құйды. Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді. Сүлеймен Құдайға сиынуын аяқтай бергенде, аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйді толтырып жіберді.
Выбор основного перевода