Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал егер Жаратқан Иеге қызмет етуді қаламасаңдар, онда ата-бабаларың Евфрат өзенінің арғы жағында табынған жалған тәңірлерге ме, немесе өздерің елдерінде тұрып жатқан аморлықтардың тәңірлеріне ме, кімге қызмет ететіндеріңді таңдап алыңдар. Ал менің өзім және отбасым — біз Жаратқан Иеге қызмет ететін боламыз. Олар Жаратқан Иеден қорқып, Оны қастерлей тұра, өздерінің тәңір мүсіндеріне де ғибадат етуді жалғастырды. Кейінгі ұрпақтары да күні бүгінге дейін солай істеп келе жатыр. Ешкім екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар! Иеміздің де, жындардың да тостағандарынан бірдей іше алмайсыңдар! Сол сияқты, Иеміздің және жындардың да дастарқандарына бірдей қатысуларыңа болмайды!
Выбор основного перевода