Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлгі:— Сен енді қайтып Жақып деп аталмайсың. Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың, — деді. «Сенің есімің — Жақып. Бірақ бұдан былай сен Жақып емес, Исраил деп аталасың, — деп батасын берді. Сонымен Құдай оның Исраил деген жаңа атын бекітті. Оларға мынадай бұйрық беріңдер: Діни қызметкерлердің Иорданның ортасында қозғалмай тұрған жерінен он екі тас алыңдар. Оларды бүгін кеште халық түнейтін жерге дейін көтеріп апарып, сонда қойыңдар». Сонда Ешуа исраилдіктердің он екі руынан бір-бірден өзі тағайындаған адамдарын шақырып алып, оларға былай деп бұйырды: «Иордан өзенінің ортасына, Құдайларың Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдына, барыңдар. Сол жерден әрқайсың Исраил руларының санына сай бір-бір тастан көтеріп, иықтарыңа салып алыңдар. Сол жаңадан қоныстанғандар осы күнге дейін бұрынғы дәстүрлерін тастамай жүр. Олар Жаратқан Иені шын жүректен қастерлемейді де, Оның Жақыптың үрім-бұтағына тапсырған ережелері мен шешімдеріне және Таурат заңындағы өсиеттеріне бағынбайды да. Жақыпқа Жаратқан Ие ежелде Исраил деген қосымша ат берген еді.
Выбор основного перевода