Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. Екі мүсіннің біреуін Бетел, екіншісін Дан қалаларында орнатқызды. Алайда осы оқиғадан кейін де Еробоғам зұлым жолынан қайтпады. Керісінше, ол жалған тәңірлерге арналған ғибадат орындарына тағы көбірек діни қызметкерлер тағайындады. Осылай ол діни қызметкер болғысы келген кез келген адамды тағайындай берді. Еробоғамның күнәға батып, елдің халқын да сол күнәларға еліктіргеніне бола Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді тастап кетеді».
Выбор основного перевода