Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Сүлейменге тағы басқа бір дұшпанын шығарды. Ол қожайыны — Соба патшасы Адад-Әзерден қашып кеткен Әлияда ұлы Резон болатын. Дәуіт Собаның әскеріне күйрете соққы бергеннен кейін, Резон қасына адамдар жинап, сарбаздар тобының басшысы болды. Олар Дамаскіге аттанып, сонда орнығып, Резонды Дамаскіде патша етіп қойды. Шұшақ Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша кезінде алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды да алып кетті. Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Жаратқан Иенің киелі үйіне апарып қойды. Бірақ Яһуда елінің патшасы Жоғас өзінің ата-бабалары — Яһуданың бұрынғы патшалары Жосапат, Жорам және Охозияхтың Жаратқан Иеге бағыштаған барлық құнды сый-тартуларын, өзінің де Оған бағыштаған тартуларын жинап алды. Оларды Жаратқан Иенің киелі үйінің және патша сарайының қазыналарындағы барлық алтындарымен бірге Хазаил патшаға беріп жіберді. Сонда Хазаил Иерусалимге шабуыл жасаудан бас тартып, кері қайтты.
Выбор основного перевода