Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аса патша тіпті әкесінің шешесі Маханы «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға арналған ағаш бағананы жасатып, орнатып қойған еді. Аса сол жексұрын бағананы шауып құлатып, қиратты да, оны Қидрон сайында өртеп жіберді. Тек халықтың биіктеу жерлердегі Жаратқан Иеге ғибадат етіп келген орындары ғана Исраил елінен аластатылмады. Әйтсе де бүкіл өмір бойы Аса Жаратқан Иеге шын жүректен берілген адам болды. Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Құдайдың киелі үйіне апарып қойды. Бұдан кейін исраилдіктердің жасап алған жас бұқа мүсінін алып, отқа салып құртты. Одан қалғанын ұнтақтап үгіп, суға араластырды да, соны халыққа ішкізді. Жосия Жаратқан Иенің киелі үйінен Ашераның ағаш бағанасын алып шығып, Иерусалимнің сыртындағы Қидрон сайына апарды. Сол жерде оны өртеп ұнтақтап, күлін жай адамдардың қабірлерінің үстінен шашып тастады.
Выбор основного перевода