Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Асаның патшалық құрған отыз алтыншы жылы Солтүстік Исраилдің патшасы Бағаса Яһуда еліне қарсы аттанып, өрлеп барды. Бағаса Аса патшаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін екі елдің шекарасындағы Рамақ қаласын қамалмен бекітіп қойды. Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарынан алтын-күміс алып шықты. Оларды Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Аса патша оған мынадай сәлемін жолдады: «Екеуіміздің әкелеріміздің арасында келісім болғанындай, енді біз де сондай келісім жасасайық! Міне, мен сізге күміс пен алтын жіберіп отырмын. Өзіңіздің Солтүстік Исраилдің патшасы Бағасамен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз. Ол менің шекарамнан кері шегініп кетсін!» Бен-Хадад Аса патшаның өтінішіне құлақ асып, өзінің қолбасшыларын Солтүстік Исраилдің қалаларына қарсы аттандырды. Олар Ион, Дан, Әбел-Маим қалаларын әрі Нафталим руының жеріндегі азық-түлік пен қару-жарақ қорлары сақталатын қалалардың барлығын басып алды. Бағаса патша бұл туралы естігенде, Рамақ қаласын бекітуін тоқтатып, сол жұмысынан бас тартып, кері шегінді. Сонда Аса патша Яһуда елінің барлық ер адамдарын ертіп алып, Рамаққа аттанды. Олар Бағаса салып жатқан қамалдың тастары мен бөренелерін тасып алып кетті. Аса патша солармен өзіне қарасты Геба және Миспа қалаларын бекітті. Егер халық Иерусалимге өрлеп барып, Жаратқан Иенің киелі үйінде құрбандық ұсынатын болса, онда көңілдері бұрынғы билеушісі — Яһуда патшасы Рохабоғамға ауатын шығар. Сонда олар мені өлтіріп, Рохабоғамға қайта оралып жүрер», — деді. Гибеон, Рамақ, Бегерот,
Выбор основного перевода