Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
әрі Еходай ұлы Бенаях — кереттік және пелеттік ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды. Содан Жаратқан Ие Дәуітке Натан пайғамбарды жіберді. Ол патшаға келіп, былай деді:— Бір қалада екі адам болды. Біреуі бай, біреуі кедей екен. Шеуа — хатшы, Садық пен Абиятар — діни қызметкерлер, ал Дәуіттің батырларының аты-жөндері мыналар:Ахаман ұлы Яшобам-Бәсебет, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол сегіз жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді. Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додайдың ұлы Елазар болатын. Ол Дәуіттің қасында жүріп (Пас-Даммим деген жерде) шайқасқа жиналып тұрған філістірлерді менсінбей оларға тойтарыс берді. Исраилдік жасақшылар жаудан шегінгенмен, Елазар сол жерде берік тұрды. Філістірлерді соққылай бергеннен қолы әбден шаршап, семсеріне қарысып қалды. Сол күні Жаратқан Ие оны үлкен жеңіске жеткізді. Әскер жасағы Елазарға қайта оралғанда, оларға өлгендердің қару-жарақтарын олжалаудан басқа жұмыс болмады. Одан кейінгі батыр харарлық Аге ұлы Шаммах. Філістірлер бірде (Лехиде) бұршақ бітік шыққан бір егістіктің қасына жиналған еді. Исраилдің жасағы олардан қашып кетті. Бірақ Шаммах егістіктің ортасында тұрып алып, філістірлерді қырып-жойып, егістікті аман сақтап қалды. Осылайша Жаратқан Ие Шаммахты үлкен жеңіске жеткізді. Егін орағы кезінде Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінде тұрып жатқан Дәуітке келді. Осы кезде філістір әскерінің бір бөлігі Рефаим аңғарында қостарын тікті. Бетлехемде де олардың қарауылдары орналасқан еді. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерді паналап жүрді. Сонда Дәуіт: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деп аңсады. Үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге сұйық тарту іспетті бағыштап жерге төгіп тастап: «Жаратқан Ие мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген адамдардың қаны іспетті ғой!» — деді. Содан Дәуіт суды ішуден бас тартты. Міне, Үш батырдың ерлік істері осындай болды. Зеруяның ұлы Жоғабтың туған інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді. Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Бенаях қар жауып тұрған бір күні ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді. Бенаях бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Мысырлықтың қолында сүңгі болса да, Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді. Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді. Жаңағы Үш батыр сияқты ол да даңқты жауынгер болатын. Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды. Атақты Отыз батыр мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан, хародтық Шаммах, хародтық Елика, пәлеттік Хелес, текоялық Икеш ұлы Ирақ, анатоттық Әбиезер, хушалық Сипхай, ахоахтық Салмон, нетопаттық Маһарай, нетопаттық Бағанах ұлы Хелеп, Буняминдегі гибеялық Рибай ұлы Іттай, пиратондық Бенаях, нахале-ғағаштық Хиддай; арбаттық Әби-Албон, бахуримдік Азмаует, шағалбондық Әлиахпа, Яшеннің ұлдары, харарлық Шаммах ұлы Жонатан, харарлық Шарар ұлы Ахиям, мағахаттық Ахасбай ұлы Әліпәлет, ғилолық Ахитопел ұлы Елиям, кәрмелдік Хесрай, әрабтық Пағарай, собалық Натан ұлы Иғал, ғадтық Бани, аммондық Селек, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай, итірлік Ирақ, итірлік Гәреб және хеттік Ұрия.Батырлардың жалпы саны отыз жеті болды. Бунямин жерінің әкімі — Ела ұлы Шимей.
3. Царств
Выбор основного перевода