Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Дереу Дәуіт патшаның алдына барып, оған былай деңіз: «Уа, патша ием, өзіңіз алдыңыздағы пендеңізге былай деп ант берген емес пе едіңіз: сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады! Ендеше Адониях неге патша болып алды?» Мен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің атымен саған бұрын берген антымды бүгін-ақ жүзеге асырамын. Ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің орнымды басып тағыма отыратын сол болады! Бірақ сенің тыныштықта өмір сүретін ұлың болады. Мен оның жан-жағындағы барлық жауларын тыныштандырамын. Оның есімі — Сүлеймен. Сүлейменнің кезінде Мен Исраил еліне амандық пен тыныштық сыйлаймын.
3. Царств
Выбор основного перевода