Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Сүлеймен былай деп жауап берді:— Өзіңе қызмет еткен әкем Дәуітке зор рақымыңды көрсетіп отырдың. Себебі ол Өзіңнің алдыңда шын жүректен адал да әділ болып жүрді. Енді оның тағында отыратын ұл сыйлауың арқылы Өзіңнің оған деген зор рақымыңды бүгін де көрсетіп отырсың. Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:«Бір ұрпағыңды өзіңнен тарағанМен сенің тағыңа отырғызамын. Келісімім мен ережелерімдіҰрпақтарың Өзімнен үйренеді.Егер соларды ұстанатын болса,Олардың ұрпақтары сенің тағыңдаӘрқашан отыратын болады да».
3. Царств
Выбор основного перевода