Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Сарұяның Жоғаб, Әбішай және Асахил есімді үш ұлы да сол жерде болды. Олардың ішінде Асахил даланың ақбөкеніндей желаяқ болатын. Шеуа — хатшы, Садық пен Абиятар — діни қызметкерлер, ал Сүлеймен патша мұны естігенде, шешесіне:— Адонияхқа шунемдік Абисағаны қос деп неге сұрайсыз? Одан да бірден патшалықты да бере сал деп айтпайсыз ба?! Ол менің ағам ғой. Оның өзіне және діни қызметкер Абиятар мен қолбасшы Сарұя ұлы Жоғабқа да патшалықты бере сал деп сұрамайсыз ба? — деп жауап берді. Осы болып жатқан оқиғалар туралы хабар Жоғабқа да жетті. Ол кезінде Абессаломның бүлігін жақтамаған болса да, енді Адонияхтың көтерілісін қолдаған еді. Сондықтан Жоғаб Жаратқан Иенің киелі шатырына қашып кетті. Сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабысып ұстап алды. Дәуіт былай деп сөз берген болатын: «Ебустіктерге бірінші болып шабуыл жасап, оларды жеңіп шыққан адамды қолбасшы әрі әмірші етіп тағайындаймын!» — Сонда Сарұяның ұлы Жоғаб Ебуске бірінші болып көтеріліп, жеңіп шықты. Сондықтан ол қолбасшы болды.
3. Царств
Выбор основного перевода