Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Тірі кезіңде ешкім саған қарсы тұра алмайтын болады. Мен Мұсамен бірге жүріп, оған қалай жар болған болсам, саған да солай жар боламын: Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын. Біз Мұсаны қалай тыңдаған болсақ, сізді де солай тыңдаймыз. Ендеше Құдайыңыз Жаратқан Ие Мұсамен бірге жүріп жар болғандай, сізге де жар бола берсін. Ал шынымен әкемнің саған жамандық істейтін ойы болса, мен соны саған айтып, қатерден арашалау үшін басқа жаққа жіберемін. Егер уәдемде тұрмасам, Жаратқан Ие мені жазалаған үстіне жазаласын! Жаратқан Ие әкеме жар болғандай, енді саған да жар бола көрсін! Сонымен қатар патшаның нөкерлері патша иеміз Дәуітке кіріп, оны құттықтап былай депті: «Құдайыңыз Сүлейменді сіздің өзіңізден де атақты етіп, оның тағын сіздің тағыңыздан да жоғары қылсын!» Патша өзінің төсегінде иіліп тағзым етіп, Осылайша Сүлеймен патша жер бетіндегі күллі патшалардан байлығымен де, даналығымен де асып түсті. Жаратқан Ие бүкіл Исраилдің алдында оның дәрежесін аса жоғарылатты, әрі оған Исраилдегі ешбір патша көріп-білмеген патшалық салтанатты сыйлады.
3. Царств
Выбор основного перевода