Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Өздерің көріп тұрсыңдар, Құдай бізге жар болып, бізді бастап жүр! Оның діни қызметкерлері де алдыңғы шепте, олар сендерге қарсы ұрандап кернейлерін тартатын болады. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, өз ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қарсы соғыспаңдар! Бәрібір жеңіске жетпейсіңдер!» Осы жолы шайқасатын сендер емессіңдер. Тек сол жерге барып, берік тұрыңдар! Сонда Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер, уа, Яһуда мен Иерусалим халқы! Үрейленіп қорықпаңдар! Ертең оларға қарсы шығыңдар! Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады. «Тынышталыңдар барлығың енді,Біліңдер Менің Құдай екенімді!Басқа халықтар Мені құрметтейді,Дүние жүзінде Мені қастерлейді». Жаратқан Ие мынаны айтады: «Адамға сенім артып, өмірі өткінші пендені қорған санайтын, әрі жүрегін Жаратқан Иесі — Менен алшақтап әкеткен әркімді қарғыс атсын! Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты!
Выбор основного перевода