Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Хелкия ұлы Елиәкім, Себна және Жоғах Ассур патшасының бас уәзірінен:— Біздей құлдарыңызға арамейше сөйлей беріңіз, біз оны да түсінеміз. Яһудилердің тілінде сөйлемей-ақ қойыңыз. Әйтпесе қамал қабырғасының үстіндегі халық естіп қояр, — деп өтінді. Бірақ бас уәзір оларға жауап қайырып:— Тақсыр ием мені осы сөздерді тек сендердің иелерің мен өздеріңе ғана айту үшін жіберді дейсіңдер ме? Мені мына қабырғаның үстінде отырған адамдарға да жіберді емес пе? Олар әлі де сендермен бірге өз нәжістері мен зәрлерін ішіп-жейтін болады! — деді. Содан бас уәзір отырған орнынан тұрып, бар даусымен айқайлап яһудилердің тілінде былай деді:— Ұлы патша — Ассур елінің патшасының сөзін тыңдаңдар!
Выбор основного перевода