Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Пайғамбар оған:— Қорықпа, біздің жағымыздағылар оларға қарағанда әлдеқайда көп! — деп жауап берді. Сонда сен Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраил халқына берген ережелері мен шешімдерін мұқият орындауға тырыссаң, табысқа жетесің. Қайратты да батыл бол! Еш нәрседен қорқып, түңілме! Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» Яхазиел жамағатқа тіл қатып былай деді:— Тыңдаңдар, бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындары! Жосапат патша, сіз де тыңдаңыз! Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол қалың тобырдан үрейленіп қорықпаңдар! Бұл шайқасты сендер емес, Құдайдың Өзі жүргізеді! Мысырлықтар тәңір емес, жай пенделер ғана. Олардың астындағы аттары да рух емес, жай ет пен сүйектен тұратын тән. Жаратқан Ие Өзінің құдіретті қолын алға созғанда, Яһудаға қол ұшын беретін Мысыр елі сүрінеді. Мысырдың қолдауын қабылдаған Яһуда халқы да құлап түседі. Осылай олардың екеуі де құриды. Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.
Выбор основного перевода