Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Егер алғашқы өнімдеріңнен Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынсаң, ол жаңа піскен масақтардан алынып, отта кептіріліп, түйіліп жармаланған дәндерден болсын. Жыл сайын егістіктеріңде жиналатын өнімдеріңнің он бөлігінің бірін жеке бөліп алып қойыңдар. Астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының өнімінің он бөлігінің бірін және мүйізді ірі қара әрі ұсақ малдарыңның алғаш туған төлдерін Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апарыңдар. Олардан Жаратқан Иенің алдында тамақ дайындап, ішіп-жеңдер. Осылай сендер Құдай Иемізді әрдайым терең қастерлеуді үйренесіңдер. Осылай бүкіл Яһуда халқы тағы да астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірін Құдайдың киелі үйіндегі қоймаларға алып келетін болды.
Выбор основного перевода