Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар. Сондай-ақ, мыналар да сенікі: исраилдіктердің көтеріп не әрі-бері тербеп ұсынатын тартуларынан арнайы үлесті Мен саған және ұл-қыздарыңа сыйладым. Ол әрқашан солай болуы тиіс. Ондай сыйды отбасыңдағы тазару рәсімінен өткен әркім жей алады. Халықтың Маған, Жаратқан Иеге, ұсынатын алғашқы өнімдерін: зәйтүн майының, жүзім шырыны мен астығының таңдаулы үлестерін Мен саған бердім. Халықтың өз жерінен алған, Маған беруге тиісті алғашқы өнімдерінің барлығы саған арналған. Үй ішіңнің тазару рәсімінен өткен әр адамы оны жей алады. Исраилде Жаратқан Иеге антпен бағышталғанның барлығы да сенікі болады. Әр әйелдің тұңғышы және малдың әр бірінші төлі Жаратқан Иеге ұсынылып, сенікі болсын. Бірақ тұңғыш ұл балаға және Маған арнап құрбандыққа шалуға болмайтын арам хайуандарға өтем құнын белгіле. Сол құн тұңғыш ұл не малдың орнына төленсін. Ал өтем құны мынау: бір айлық ұл бала немесе төл үшін бес күміс мысқал. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын киелі орында қолданылатын ресми өлшем. Алайда сиыр, қой, ешкінің алғашқы төлін құрбандыққа шалмай, құнын өтеп тірі алып қалуға жол берме! Олар Маған бағышталған. Оларды шалып, қанын құрбандық үстеліне шашып, майын Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды құрбандық ретінде өртеп ұсын. Ал олардың еті, әрі-бері тербеліп ұсынылатын көкірек еті мен оң жақ саны сияқты, сендерге тиісті үлес болады. Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім». Жаратқан Ие Һаронға тағы былай деді: «Сендерге, діни қызметкерлерге, елден мұралық аймақ бөлінбейді, халық арасында сендерге тиер үлес те жоқ. Исраилдіктердің арасындағы сендердің үлестерің де, мұраларың да Менмін. Мен Леуі руына кездесу шатырында атқаратын қызметтері үшін алатын мұралық үлестері ретінде Исраилдегі барлық өнімнің он бөлігінің бірін бердім. Бұдан былай өзге исраилдіктер киелі шатырға тым жақындап келмесін! Әйтпесе олардың күнәсі мойындарында болып, өлім құшады. Кездесу шатырындағы қызметтерді леуіліктер атқарсын. (Егер міндеттерін ұқыпсыз атқарса) оған өздері айыпты болады. Бұл келер ұрпақтарың үшін де тұрақты ереже.Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды. Себебі Мен леуіліктерге исраилдіктер жинаған өнімдерінің Маған сый-тарту ретінде ұсынатын он бөлігінің бірін сыйладым. Сондықтан Мен Леуі руы жайлы «Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды» деген едім». Сонымен қатар леуіліктерге тиесілі азық-түлік үлестерінің берілмегені, әрі сол себепті киелі үйде қызмет атқаратын леуіліктер мен әншілердің өз егістіктеріне тарап кетіп қалғандары туралы да біліп алдым.
Выбор основного перевода