Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ал леуіліктерге бөлінген қалалардың маңындағы жайылым жерлерді сатуға мүлдем болмайды. Бұлар — олардың мәңгілік иеліктері. «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Олар өздерінің үлесіне тиген мұралық жерлерінен леуіліктерге тұруға бірнеше қаланы айналаларындағы жайылымдарымен қоса бөліп берсін! Осы қоймаларға сый-тартулар, өнімнің оннан бір бөлігі және Жаратқан Иеге бағышталған басқа да сый-тартулар түгелдей апарылып қойылды. Леуілік Қонаниях қойма меңгерушісі, ал інісі Шимей орынбасары болып тағайындалды. Езекия патша мен Құдайдың киелі үйінің басқарушысы Азарияхтың тапсыруымен Қонаниях пен інісі Шимейдің қол астында Ехиел, Азазиях, Нахат, Асахил, Еримот, Жозабад, Елиел, Исмақиях, Махат және Бенаях бақылаушылар ретінде қызмет ете бастады. Ғибадатхананың шығыс қақпасының күзетшісі, леуілік Ымна ұлы Қоре, Құдайға арналған ерікті сый-тартуларды басқарушы болды. Ол Жаратқан Иеге ұсынылған тартуларды және Оған бағышталған өзге де арнаулы сый-тартуларды үлестіруге жауапты еді. Ғаден, Міниәмін, Ешуа, Шемаях, Әмариях пен Шеханиях оның қарауында болып, діни қызметкерлерге белгіленген қалалардағы леуіліктер мен діни қызметкерлерге тиесілі үлестерін топтары бойынша бөлуде Қореге адалдықпен көмектесіп жүрді. Оларды сол кісілердің жасына қарамай, үлкен-кішісіне тең етіп тарататын.
Выбор основного перевода