Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Осы қасиетті бөлменің алдында орналасқан қасиетті бөлменің ұзындығы қырық шынтақ болды. Осы ішкі бөлменің ұзындығы, ені, биіктігі жиырма шынтақтан болды. Сүлеймен оны саф алтынмен қаптады. Ол самырсыннан жасалған түтету үстелін де алтынмен қаптады. Сүлеймен киелі үйдің ішін түгелдей саф алтынмен қаптады. Ол алтынмен қапталған ең қасиетті бөлменің алдыңғы жағына кесе көлденеңінен алтын шынжыр іліп қойды. Сонымен киелі үйдің ішкі жағы түгелдей алтынмен қапталды. Патша, сондай-ақ, ең қасиетті бөлменің алдындағы түтету үстелін де толықтай алтынмен қаптады. Киелі үйдің ішкі және сыртқы бөлмелерінің барлық қабырғаларына айналдыра керубтердің, құрма ағаштарының әрі ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. Киелі үйдің ішкі және сыртқы екі бөлмесіндегі едендер де алтынмен қапталды. Ең қасиетті бөлменің ішкі кіреберісіне зәйтүн ағашынан жарма есіктер жасалып, маңдайшасы мен жақтаулары бес қырлы етіп орнатылды. Зәйтүн ағашынан жасалған осы екі есікке керубтердің, құрма ағаштарының және ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. Есіктердегі бейнелер алтынмен қапталды. Сол сияқты патша үлкен бөлменің кіреберісіне де осылай етіп зәйтүн ағашынан төрт қырлы жақтау жасады. Ол қарағайдан екі жарма есік жасап, жақтаудың екі жағынан айналмалы топсаға іліп қойды. Есіктерге періштелер, құрма ағаштары және ашылған гүлдер ойылып салынды да, олардың үстін балғамен соғып алтынмен тегістеп қаптады.
Выбор основного перевода