Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ұста екі қола бағана жасады. Екеуінің де биіктігі он сегіз шынтақтан, айналдыра ұзындығы он екі шынтақтан болды. Ұста қоладан құйып әрбір бағананың басына қойылатын үстіңгі иықтарын да жасады. Олардың биіктігі бес шынтақтан болды. Әрбір бағананың үстіңгі иығы алқа іспетті оралып тұратын жеті шынжыр тормен әшекейленген және әрбір тор екі қатар қола анарлармен көмкеріліп безендірілген болатын. Ұста екі бағананың үстіңгі иығын да бірдей етіп жасады. Киелі үйдің ашық кіреберісінің алдына орналастырылған бағаналардың үстіңгі иықтары лалагүлдерге ұқсас етіп жасалып, биіктігі төрт шынтақтан болды. Екі бағананың да басына, оның тостаған тәріздес бөлігінің үстіңгі жағына, тордың қасына айналдыра қатар-қатармен екі жүз анар жасалып бекітілді. Набуходоносор Ехонияхтың орнына оның немере ағасы Маттанияхты патша етіп тағайындап, соның есімін Седекиях деп өзгертті. Халдейлер Жаратқан Иенің ғибадатханасында тұрған екі қола бағананы, жылжымалы қола тұғырларды және теңіз деп аталатын дәу қола қазанды бөлшектеп сындырып, солардың барлық қоласын Бабылға тасып әкетті. Екі бағананың әрқайсысының биіктігі он сегіз шынтақ, діңінің айналдыра ұзындығы он екі шынтақ еді. Бағаналардың іштері қуыс, қабырғаларының қалыңдығы төрт елі болды.
Выбор основного перевода