Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ең қасиетті бөлмеде биіктігі он шынтақ болатын, керуб делінген күзетші періштелердің екі мүсінін зәйтүн ағашынан ойып жасады. Әр керуб мүсінінің екі қанаты, ал әр қанатының ұзындығы бес шынтақ, қос қанатының арасындағы қашықтық он шынтақ болды. Екі керубтің де өлшемдері мен сырт қалыптары бірдей еді. Әр керубтің биіктігі он шынтақтан болатын. Сүлеймен олардың екеуін де ең қасиетті бөлмеге орналастырды. Жайылған қанаттарының бір шеті бөлменің ортасында өзара түйісіп, екінші шеттері бөлменің екі жақ қабырғаларына тиіп тұрды. Сүлеймен керуб мүсіндерін алтынмен қаптатты.
Выбор основного перевода