Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сүлеймен исраилдіктер Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейін төрт жүз сексен жыл өткенде, өзінің Исраилге патшалық құрған төртінші жылының сәуір айында Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Сонда Құдай оған:— Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды. Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді. Құдай Иерусалимді де құртуға періштесін жіберген болатын. Бірақ ол енді ғана Иерусалимді құрту үшін қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апатты көріп, сол туралы аяушылық танытып, періштеге: «Жетер енді, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ебустік Орнаның астық бастыратын қырманының қасында тұрған еді. Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ғад пайғамбарға мына хабарды Дәуітке жеткізуді тапсырды: «Дәуіт ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барсын! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызсын!» Дәуіт Жаратқан Иенің ебустік Орнаның қырманында өзіне жауап бергеніне көз жеткізген соң, сол жерде тағы да құрбандықтар шалды.
Выбор основного перевода