Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
біреуі асудың солтүстік, Миқмас жағында, екіншісі оның оңтүстік, Геба жағында тұрған болатын. Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» «Уа, Жаратқан Ие, ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы! Көктегі Құдай Сен емессің бе? Барлық халықтардың патшалықтарына Сен билік жүргізесің. Күш-қуат пен құдірет Сенің қолыңда, ешкім де Саған қарсы тұра алмайды. Яхазиел жамағатқа тіл қатып былай деді:— Тыңдаңдар, бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындары! Жосапат патша, сіз де тыңдаңыз! Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол қалың тобырдан үрейленіп қорықпаңдар! Бұл шайқасты сендер емес, Құдайдың Өзі жүргізеді! Тұлпар да құтқаруға жарамайды,Ерен күшімен де құтылта алмайды. Ол ғана — паналайтын жартасым,Құтқарушым әрі заңғар қорғаным.Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.
Выбор основного перевода