Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Солтүстік Исраилге Жоғахаз ұлы Жоғастың патшалық құрған екінші жылы Жоғас ұлы Амасиях Яһуда елінің патшасы болды. Сол кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехоғадан еді. Амасиях Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істесе де, оның іс-әрекеттері түп атасы Дәуіттікіндей болмады. Қайта, Амасиях барлық жағынан әкесі Жоғастың үлгісімен жүрді. Биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылып тасталмады. Халық сол орындарда құрбандық шалып, өртеп, хош иісті зат түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді. Өзінің патшалық билігі берік орнатылғаннан кейін, Амасиях әкесі Жоғас патшаны өлтірген нөкерлерді өлімге кесті. Бірақ сол қылмыскерлердің балаларын өлтірткен жоқ. Амасиях мұны Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңы кітабында берген мына бұйрығына сай істеді: «Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі».
Выбор основного перевода