Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктерді жасақ топтарына сай Һарон екеуің түгендеп санап шығыңдар. Олардың әулеттері бойынша тізімі мынау:Мыңбасылардың қарамағында Яһуда руынан шыққан үш жүз мың мықты жауынгер болды. Оларды бастайтын қолбасшы Адна еді. Одан кейінгі қолбасшы Жоханан екі жүз сексен мың сарбазды басқарды. Содан кейінгі қолбасшы: өзін Жаратқан Иеге бағыштаған Зіхри ұлы Амасиях. Ол екі жүз мың мықты жауынгерге басшылық етті. Күшті де батыл қолбасшы Әлияданың қарамағында Бунямин руынан шыққан, садақ, қалқанмен қаруланған екі жүз мың сарбаз болды. Одан кейінгі қолбасшы Ехозабад соғысқа жабдықталған бір жүз сексен мың сарбазды бастады. Олардың қол астына үш жүз жеті мың бес жүз адамнан тұратын әскер бағынды. Бұл, патшаның әмірімен жауларына қарсы аттанатын орасан зор күш болды.
Выбор основного перевода