Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
— Исраилдің ер адамдарын түгендеп санап жатқан кезде санаққа кірген әркім өз өмірі үшін Жаратқан Иеге жан басы салығын төлесін. Сонда олар санақтан өткенде індетпен жазаланбайды. Санақтан өтіп жатқан әр адам салмағы жарты мысқал (күмісті) Жаратқан Иеге тарту ретінде бағыштасын. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын, киелі орында қолданылатын ресми өлшем. Жасы жиырмаға толған не одан асқан әрбір ер адам Жаратқан Иеге осындай сый-тарту ұсынуға тиіс. Жан басы үшін Жаратқан Иеге арнап төленетін осы төлем бай үшін жарты мысқалдан артық болмасын, кедей үшін одан кем де болмасын. Исраилдің ер адамдарынан жан басы салығын қабылдап, кездесу шатырының қажетіне жарат. Осылай сендердің жеке бастарың үшін төлеген осы төлемдерің Жаратқан Ие алдындағы естеліктерің болмақ. Қолдарыңда барларыңнан Жаратқан Иеге арнап тарту беріңдер. Оған шын жүректен сый-тарту ұсынғысы келетіндер мыналарды алып келсін: алтын, күміс және қола, Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады. Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір. Таяқтарды кездесу шатырында Өзім сендермен кездесетін орын — Келісімнің айғақтары (сақталған сандықтың) алдына қой. Келесі күні Мұса киелі шатырға келіп қараса, Леуі руы үшін берілген Һаронның таяғы бүр жарып қана қоймай, гүлдеп, бадам жаңғақтарын да беріпті!
Выбор основного перевода