Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Келісімді бұзғандарың үшін сендерден кек алып, елдеріңе семсер ұстаған басқыншы жіберемін. Сендер қалаларыңа бас сауғалап тығылғанда, араларыңа індет жіберіп, жауларыңның қолына түсетін етемін. Мен сендерді наннан айырамын, сонда он әйел бар нанын бір-ақ тандырда жабатын болады, пісірген нанды таразыға тартып бөлісіп алады. Сендер сол азғана нанды жеп, қарындарың тоймайтын болады. Иә, ешкім қумағанда да семсерден қашқандай шошына безіп, бір-біріңнің үстіне құлайтын боласыңдар. Осылайша сендердің жауларыңа қарсы тұруға қауқарларың болмайды. Жаратқан Ие сендерді жауларыңа жеңілдіреді. Оларға қарсы бір жолмен аттансаңдар, жеті жолмен кері қашатын боласыңдар. Жер бетіндегі барлық патшалықтар үшін қорқынышты көрініске айналасыңдар. Рохабоғамның билігі орнығып, күшейген кезде оның өзі және бүкіл халқы Жаратқан Иенің Таурат заңына бағынбай кетті. Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Еху Құдайдың Ахабтың әулетіне шығарған үкімін орындап жатқан осы кезде, ол Охозияхқа еріп келген Яһуданың бірнеше әміршісін және Охозияхтың бауырларының ұлдарын кездестіріп, олардың көздерін құртты. Жаратқан Ие былай дейді:— Ассур патшалығы қасіретке қалады! Мен оны ызғарлы қаһарыма ұшырағандарды жазалау үшін ғана таяқ, сойыл сияқты пайдаланамын. Жаудың бір жасақшысы айбат көрсеткенде, сендердің мыңың қаша жөнелесіңдер. Олардың бес-ақ жасақшысының айбатынан бәрің де қашып кететін боласыңдар. Сонда сендер тау шыңында қадалған жалау сабына немесе қырат басындағы сырыққа ұқсап жападан-жалғыз қаласыңдар.
Выбор основного перевода