14
Жұмыс аяқталғаннан кейін қалған күміс патша мен Еходайға әкелінді. Олар содан Жаратқан Иенің киелі үйіне қажетті құрал-жабдықтарды: қызмет өткізіп, құрбандықтарды шалып, өртеуге арналған бұйымдарды, алтын мен күмістен жасалған табақтар мен өзге де ыдыстарды жасатты. Еходайдың көзі тірі кезінің бәрінде Жаратқан Иенің киелі үйінде шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар тоқтаусыз ұсынылып отырды.