Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сол елге кіргенде оның тұрғындарымен қандай да бір келісім жасаудан сақтаныңдар! Олай етпесеңдер, олар сендерді күнәға батыратын тұзақ болады. Қайта, солардың құрбандық ұсынатын орындарын бұзып, қиратып, табынатын тас мүсіндерін талқандап, әйел тәңірлері Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын шауып тастаңдар! Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын. Құдайларың Жаратқан Иеге арнап салған құрбандық орындарыңның жанына жалған тәңір Ашераға бағышталған ешқандай ағаш бағаналар орнатпаңдар! Зарахтың шөбересі Ахан Жаратқан Иеге бағышталған заттардан алып опасыздық жасап, соның кесірінен Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл қауымына қаһарланған жоқ па еді? Осы үшін өлген Аханның жалғыз өзі ғана емес қой. Олар өздері үшін биіктеу жерлерде ғибадат орындарын салып, әр биік тау-төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап тас бағаналар әрі Ашераға бағыштап ағаш бағаналар орнатып қойды. Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз. Біраз уақыт өткеннен кейін Жоғас Жаратқан Иенің киелі үйін жөндеуден өткізуді ұйғарды.
Выбор основного перевода