Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын. Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау. Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын. Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. Леуіліктер өздеріне рулас діни қызметкерлердің басшылығымен кездесу шатыры мен киелі үйді күзетіп қорғап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі міндеттерін осылайша атқарды.
Выбор основного перевода