Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
«Леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп алып, тазару рәсімінен өткіз. Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді:— Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді. Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды. Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын. Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау. Оларға былай дедім: «Өздерің Жаратқан Иеге бағышталғансыңдар, осы бұйымдар да Оған бағышталған. Мына алтын-күміс — ата-бабаларымыз сиынған Құдай Иеге арналған ерікті тартулар. Өздеріңе сеніп тапсырылғанды мұқият қадағалап сақтаңдар! Кейін оны Иерусалимде, Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі бөлмелерінде діни қызметкерлер, леуіліктер және Исраил әулеттерінің басшыларының алдында таразыға тартып табыстайсыңдар».
Выбор основного перевода