Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын. Осылай леуіліктер Құдайдың сандығы Иерусалимге әкелініп, Дәуіт сол үшін тігіп қойған шатырдың ішіне орналастырылды. Содан соң олар шалынып, түгелдей өртелетін және ризашылық құрбандықтарын шалып ұсынды. Соларды ұсынып болғаннан кейін Дәуіт халыққа Жаратқан Иенің атымен бата берді. Патша жиналған Исраил халқының әрбір әйеліне де, еркегіне де бір-бір қалаш наннан, бір кесек қақталған еттен және бір қадақ мейізден үлестіріп берді. Патша леуіліктердің кейбіреулерін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында қызмет етуге тағайындады. Олар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге сиынып мінажат етуге және шүкірлік пен мақтау айтуға міндетті еді. Бұлардың басшысы — Асаф, екіншісі — Зәкәрия, солардың қасында Еиел, Шемирамот, Ехиел, Мататия, Елияп, Бенаях, Ғабит-Едом, Еиел де болды. Олар шертер мен жетігенде, ал Асаф сылдырмақта ойнауға тағайындалды. Бенаях пен Яхазиел есімді діни қызметкерлер белгіленген уақыттарда Құдайдың Келісім сандығының алдында керней тартуға тиісті еді. Сол күні Дәуіт алғаш рет Асаф пен оның қызметтестеріне Жаратқан Иеге мына мадақтау жырын айтуды тапсырды: Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар! Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,Барлық кереметтерін паш қылыңдар, Оның киелі атымен мақтаныңдар,Оған сиынатын сендер, шаттаныңдар! Иемізге әрі құдіретіне ден қойыңдар,Дәйім Оның еркін білуге ұмтылыңдар. Ұмытпаңдар Оның жасаған кереметтерін,Ғажап істері мен шығарған шешімдерін, Уа, Оның құлы Исраилдің ұрпақтары,Жақыптан тарағандар, таңдаулы адамдары! Ол — біздің Құдайымыз, Жаратқан Ие,Бүкіл әлемге Өзі билік жүргізуде. Мәңгі есте сақтаңдар Оның Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін — Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін. Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,Исраил үшін тұрақты Келісім етті. «Мұралық үлесің етіп беремін сағанҚанахан елін» деді сонда Жаратқан. Сол кезде олар әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын.
Выбор основного перевода