Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Егер оның шалынып, түгелдей өртелетін құрбандығы мүйізді ірі қара болса, онда Жаратқан Ие оған риза болу үшін адам еш мінсіз бір бұқаны кездесу шатырының кіреберісіне алып келсін. «Исраилдің үрім-бұтағына мына нұсқауды жеткіз: Маған өртелу арқылы ұсынатын ерекше тартуларың Өзіме ұнамды да хош иісті әрі тамақ іспетті. Оларды белгілі мезгілдерде әкелуге мұқият болыңдар! Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды. Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын. Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар. Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау: Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын. Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды. Олар Келісім сандығымен бірге киелі шатырды және соның ішіндегі барлық жиһаз-жабдықтарды да көтеріп алып, жаңа ғибадатханаға қарай өрлеп бара жатты. Бұларды діни қызметкерлер мен өзге леуіліктер алып жүрді.
Выбор основного перевода