Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Барлығы Құдайдың Келісім сандығын Иерусалимге алып келуге Яһудадағы Бағалаға қарай аттанды. Сандық Әлемнің Иесіне бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан. Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы әкелініп, Дәуіт арнайы тігіп қойған шатырдың ішіне орнатылды. Содан соң Дәуіт күнәнің құнын өтеу құрбандықтарын және ризашылық құрбандықтарын шалғызып, Жаратқан Иенің алдында өртетіп ұсынды. Дәуіт патша «Дәуіттің шаһары» деп аталатын Иерусалимнің көне қорғанында өзіне арнап бірнеше үй салып алды. Ол Құдайдың Келісім сандығына да бір орынды дайындап, шатыр тігіп қойды. Осылайша Дәуіт және Исраил елінің ақсақалдары мен мыңбасылары Жаратқан Иенің Келісім сандығын Ғабит-Едомның үйінен Иерусалимге өрлеп барып алып келуге зор қуанышпен жолға шықты. Осылай леуіліктер Құдайдың сандығы Иерусалимге әкелініп, Дәуіт сол үшін тігіп қойған шатырдың ішіне орналастырылды. Содан соң олар шалынып, түгелдей өртелетін және ризашылық құрбандықтарын шалып ұсынды.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода