Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жаратқан Ие бүкіл Исраилдің алдында оның дәрежесін аса жоғарылатты, әрі оған Исраилдегі ешбір патша көріп-білмеген патшалық салтанатты сыйлады. Осылайша Сүлеймен патша жер бетіндегі күллі патшалардан байлығымен де, даналығымен де асып түсті. Құдай сондай адамға күнделікті өмірінде қуаныш сыйлайды. Сөйтіп оның өтіп жатқан өмірі туралы ойланып, уайымдауға уақыты да қалмайды. Құдай біреуге байлық-дәулет, мал-мүлік, қадір-құрмет сыйлап, енді оның аңсайтын еш нәрсесі қалмайды. Алайда Құдай оған соның қызығын көруге мүмкіндік бермей, рақатын өзге біреу көреді. Бұл да ақылға сыймайтын әрі жанға қатты бататын жайт. Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода