Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бұл — келер ұрпақтарыңның да күн сайын шалып, өртеу арқылы жасауға тиісті құрбандығы. Оны Жаратқан Иенің алдында, кездесу шатырының кіреберісінің жанында ұсыныңдар. Осы жерде Мен сенімен кездесіп, саған тіл қатпақпын. Мен Исраил халқымен де осында кездесіп, бұл жерді ұлы салтанатыммен Өзіме бағыштап киелі етемін. Ал Мұса (бұдан былай) ел қонысынан тыс, одан алысырақ жерде шатыр тігіп, оны кездесу шатыры деп атады. Жаратқан Иенің еркін сұрап білгісі келген әркім қоныстан шығып, осы шатырға баратын. Гибеон қаласындағы биіктеу жерде өте үлкен ғибадат орны бар болғандықтан, патша соған барып, ондағы құрбандық үстелінде бір мың малды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп ұсынды. Исраил халқы иен даланы кезіп жүрген ежелгі кезде Мұса пайғамбар Жаратқан Иеге арнап кездесу шатырын және құрбандық үстелін жасатқан болатын. Енді сол шатыр мен құрбандық үстелі Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған еді.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода