Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сүлеймен соғыс күймелері мен аттарды да жинап, жасақтады. Оның бір мың төрт жүз күймесі мен он екі мың жылқысы болды. Оларды күймелеріне дайындалған арнайы қалаларында және Иерусалимде өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады. Патша Иерусалимде күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе, әрі шетелден әкелінетін самырсындарды өз еліндегі төменгі қыраттарда өсетін тұт ағаштарындай мол етті. Сүлеймен жылқыларын Мысыр мен Қуадан алдыртты. Патшаның саудагерлері оларды белгілі бағаға Қуа елінен сатып алатын. Саудагерлер әрбір күймені алты жүз мысқал, әрбір жылқыны жүз елу мысқал күміске Мысырдан сатып алып келетін. Олар сол тауарлардың бірқатарын күллі хеттік және арамалық патшаларға да жеткізіп, сатып отырды. Патшаның аттары мен соғыс күймелеріне арналған төрт мың қорасы болды; жылқыларының жалпы саны он екі мың еді. Оларды соғыс күймелерінің арнайы қалаларында және өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады. Сүлеймен солтүстіктегі Евфрат өзенінен бастап, філістір еліне және Мысырдың шекарасына дейінгі барлық патшаларды өзіне қаратты. Патша Иерусалимде күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе етті, әрі шетелден әкелінетін қымбат самырсындарды өз елінің төменгі қыраттарында көптеп өсетін тұт ағаштары іспетті мол етті. Оның қызметкерлері Сүлейменге жылқыларды Мысырдан және басқа көптеген елдерден алып келді. Сүлейменнің төрт мың жылқыға арналған қоралары әрі он екі мың жылқысы болды.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода