Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар. Олар ең киелі нәрселерге жақындап өліп қалмай, тірі қалулары үшін Һарон мен оның ұлдары қахаттықтардың әрқайсысын атқаратын қызметі мен алып жүретін жүгіне қарай тағайындасын. Бірақ қахаттықтардың ең қасиетті бөлмеге бір сәтке де кіріп, жиналып жатқан киелі нәрселерді көрулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады». Салтанатты шеру Хидонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде өгіздер арбаны сілкіп қалып, сандықты қисайтып жіберді. Құлап қалмауы үшін Ұза қолын созып, Келісім сандығын ұстай қалды. Сол кезде Дәуіт былай деп әмір етті: «Құдайдың Келісім сандығын тек леуіліктер ғана көтеріп жүрсін! Себебі Жаратқан Ие Келісім сандығын көтеріп, Өзіне әрқашан қызмет етуге тек леуіліктерді ғана таңдап алған!»
Выбор основного перевода