Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт філістірдің көзін құртып, бүкіл жасақ елге қайтып келе жатқанда, Саул патшаны қарсы алу үшін Исраилдің барлық қалаларынан әйелдер алдарынан шықты. Олар ән айтып, би билеп, даңғыраларда ойнап, қуана әндетіп, үш ішекті аспаптарды шертіп ойнап жүрді. Әйелдер би билеп:«Саул мыңдаған жауын жеңіп жойды,Ал Дәуіттің жойғаны он мың болды!»— деп дауыстап ән салды. Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Құдайдың алдында жан сала би билеп, жетіген, шертер, даңғыра, дабыл және кернейлерде ойнап, қуана әндетіп келе жатты. Уа, Құдай, Сенің салтанатты шеруің,Киелі тұрағыңа Сенің кіруіңКөрінеді бар жұртқа, о, Патшам, Құдайым. Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен! Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен! Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
Выбор основного перевода