Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Сисараны, оның күллі соғыс күймелері мен жасақшыларын абыржытып, оларды Барақтың адамдарының семсерлерімен қырып-жойды. Сисара соғыс күймесінен түсіп, жаяу қаша жөнелді. Ал қахаттықтарға Мұса еш көлік бермеді, себебі олардың қызметі — киелі жиһаздарды өз иықтарымен көтеріп алып жүру болды. Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі исраилдіктер Келісім сандығының алдында ешкім санап шыға алмайтындай көптеген қой-ешкі мен мүйізді ірі қара малдарды құрбандыққа шалып ұсынды. Сол кезде Дәуіт былай деп әмір етті: «Құдайдың Келісім сандығын тек леуіліктер ғана көтеріп жүрсін! Себебі Жаратқан Ие Келісім сандығын көтеріп, Өзіне әрқашан қызмет етуге тек леуіліктерді ғана таңдап алған!» Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді.
Выбор основного перевода