Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің есімін балағаттаған әркім өлтірілсін! Исраилдің бүкіл қауымы оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Егер жат жұрттық не исраилдік болып туған біреу Менің есімімді балағаттаса, соны өлтіру керек. Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің тауынан шығып, үш күндік жол жүрді. Сол үш күн бойы Келісім сандығы оларға тынығып демалатын орын табу үшін алдарында жүріп отырды. Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын! Шекара осы төбе басынан Нептоғах су көзіне жетіп, Ефрон тауындағы қалаларға дейін ұласады. Сол жерден ол Бағалахқа, яғни, Кирият-Иғарымға қарай бұрылады. Сонымен Шилоға бірнеше адам жіберіп, олар Әлемнің Иесінің Келісім сандығын алып келді. Оның жер бетіндегі «тағы» сандық қақпағындағы керуб мүсіндерінің үстінде болды. Елидің ұлдары Опни мен Пінехес те сол жерге Құдайдың Келісім сандығымен бірге келген еді. Осылайша Дәуіт Мысырдағы Шихор өзенінен солтүстіктегі Лебо-Хаматқа дейін мекендеп жатқан бүкіл Исраил халқын Келісім сандығын Кирият-Иғарымнан алып келуге жинады. Содан Дәуіт пен барлық исраилдіктер Бағалаға, яғни Яһуданың жеріндегі Кирият-Иғарымға, барды. Олар сол қаладан Құдай Иенің Келісім сандығын Иерусалимге алып келмек болды. Сандық Жаратқан Иеге бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан. Дәуіт патша көзі тірісінде Иерусалимде бір киелі шатыр тұрғызып, дайындап қойып, осы орынға Кирият-Иғарымнан Құдайдың Келісім сандығын әкелген еді.
Выбор основного перевода