Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сихемдіктер оған Бағал-Беріттің ғибадатханасынан жетпіс мысқал күміс табыстады. Әбумәлік күміске ар-ұяттан безген, ешкімді менсінбейтін адамдарды жалдап алып, олар оған ілесіп жүретін болды. Бұл жерде Саул сырт киімін шешіп тастап, Самуилдің алдында пайғамбар іспетті ерекше күйде болып, жерге құлап түсті. Бұл күні және түні бойы патша сырт киімсіз жатып шықты. Сол себептен де жұрт: «Саул да пайғамбарлардың қатарына қосылған ба?» деп айтады. Ақ бәтестен тігілген көйлек киіп алған өзі Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп жүрді. Жаратқан Иенің сандығы Дәуіттің шаһарына кіре бастағанда, оның әйелі Саул қызы Михол терезеден қарап тұрған еді. Дәуіт патшаның Жаратқан Иенің алдында секіріп, би билеп жүргенін көріп, Михол оны іштей менсінбеді.
Выбор основного перевода