Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайда өлсеңіз, мен де сонда өліп, жерленемін. Егер мен бұ дүниеден кеткенше сізден ажырассам, мені Жаратқан Ие жазалаған үстіне жазалай түссін! — деп тұрып алды. Сонда Самуил:— Жаратқан Ие бүгін сенен патшалық билікті жұлып алып, замандастарыңның біреуіне берді! Сол адам сенен жақсы. Мұнан кейін Жаратқан Ие Самуилге:— Сен Саул үшін қашанғы қайғыра бермексің? Мен оның Исраил патшасы болуынан бас тарттым. Бір құтыны хош иісті майға толтырып алып, бетлехемдік Есейге бар. Оның ұлдарының ішінен біреуін патша етуге таңдап алдым, — деп бұйырды. Есей кісі жіберіп, ұлын алдыртты. Ол беті албырап, көздері жайнап тұрған, келбетті жігіт екен. Жаратқан Ие Самуилге: «Тұр, бұл — сол. Оған май жағу рәсімін жаса!» — деп бұйырды. Тақсыр, Жаратқан Ие алдын ала уәде еткен игіліктерінің бәрін сыйлап, сізді Исраилдің басшысы етіп қойған кезде, Жаратқан Ие мен арқылы алдын ала айтқандарын енді жүзеге асырып, патшалық билікті қолыңнан жұлып алып, маңайыңдағы біреуге, яғни Дәуітке, тапсырды.
Выбор основного перевода