Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осындай жұқпалы аурумен ауырған адам көйлегінің өңірін айыра жыртып, шашын жинамай жайып жіберіп, бетінің төменгі бөлігін жауып алып, «Таза емеспін! Арамданғанмын!» деп айқайлап жүретін болсын. Адам жұқпалы ауруынан айықпайынша таза емес қалпы қала береді. Ол ел қонысының сыртында оңаша тұруға тиіс. Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды. Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды. Сен даналықпен әрекет етіп, оның ақ қырау шалған басының өз өлімімен қабірге түсуіне жол берме!
Выбор основного перевода