Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әбенир Асахилге тағы бір рет ескертіп:— Менің соңыма түсуіңді доғар! Неге сені шауып өлтіруім керек? Олай істесем, ағаң Жоғабтың алдына не бетіммен барамын? — деді. Бірақ Асахил қалмай қойды. Сонда Әбенир найзасының сабын оның ішіне сұғып алып, сап оның арқасынан бір-ақ шықты. Ол құлап, сол жерде жан тапсырды. Асахил қаза тапқан жерге келгендердің бәрі де сонда тоқтай қалды. Екі ағайынды жігіт бидайды електен өткізіп отырып, қалғып кеткен күзетші әйелдің қасынан білдірмей өтті. Жоғаб Амасаға: «Амансың ба, бауырым?» — деп, оны бетінен сүю үшін оң қолымен сақалынан ұстап алды. Амаса Жоғабтың сол қолындағы семсерді байқамады. Сонда Жоғаб семсерін оның ішіне сұғып қалып, ішек-қарны жерге ақтарылып түсті. Жоғаб Амасаны екінші рет соқпай-ақ, өлімші етіп жарақаттады.Бұдан кейін Жоғаб пен оның інісі Әбішай бүлікшіл Шебаның соңынан қуып кетті. Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды. Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді.
Выбор основного перевода