Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ патша оған былай деп тыйым салды:— Жоқ! Сарұяның ұлдары, мұны маған не үшін айтасыңдар? Жаратқан Иенің Өзі «Дәуітті қарға!» деп айтқандықтан ол мені қарғаса, онда Шимейге ешкім де: «Қой, неге бұлай істейсің?» деп айта алмайды. — Сонда Жоғаб патшаның үйіне барып, оған былай деді:— Бүгін сіз өзіңіздің өміріңізді де, ұл-қыздарыңыздың, әйел-кәнизактарыңыздың өмірін де аман сақтап қалған жауынгерлеріңізді қара бет қылдыңыз. Сіз өзіңізді жек көретіндерді сүйіп, өзіңізді сүйетіндерді жек көресіз! Бүгін сіз қолбасшылар мен жауынгерлеріңізді өзіңіз үшін түкке тұрғысыз екенін айқын көрсеттіңіз. Егер Абессалом тірі қалып, біздің бәріміз қырылып қалған болсақ, сіз соған риза болар едіңіз! Мен бүгін осыны ұқтым. Ал енді, сыртқа шығып, қызметшілеріңізге жылы сөйлеп, жігерлендіріңіз! Жаратқан Иенің алдында ант етемін: егер шықпайтын болсаңыз, бүгін кешке дейін сіздің жағыңызда бірде-бір адам қалмайды! Бұл сіз үшін жастық шағыңыздан бері осы кезге шейін басыңызға түскен апаттардың барлығынан да зор болмақ! Бірақ Дәуіт оған мынадай жауап берді:— Сарұяның ұлдары, маған оны не үшін айтасыңдар? Бүгін сендер менің еркіме қарсы шығып отырсыңдар! Бұл Исраилде адам өлтіретін күн емес! Себебі бүгін Исраилдің патшасы болуға қайтадан бекітілдім, соған көзім жетті. — Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды. Сен даналықпен әрекет етіп, оның ақ қырау шалған басының өз өлімімен қабірге түсуіне жол берме! Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын!» Еходай ұлы Бенаях киелі шатырға қайтып барып, Жоғабты шауып өлтірді. Оның мәйіті айдаладағы үйінің маңындағы қабірге қойылды. Соларға жасаған қылмыстарына сай,Істеген зұлым істеріне қарайТиісті жазаларын тартқыза гөр,Лайықты қарымтасын қайтара гөр. Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар.
Выбор основного перевода