Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әбигел дереу жолға жиналып, есегіне мініп, қасына бес қызметші қызын ертіп алды. Осылай ол Дәуіттің жолдас жігіттеріне ілесіп барып, Дәуітке күйеуге шықты. Ол адамдарымен аттанып, гешур, гірзе, амалек тайпаларына шабуыл жасап отырды. Бұлар көп уақыттан бері Шур мен Мысыр елінің арасындағы жерді мекенденіп келген еді. Бұдан біраз уақыт өткен соң Дәуіт ұлы Амнон Тамарға ғашық болып қалды. Тамар Дәуіт ұлы Абессаломның бірге туған қарындасы, өте сұлу қыз болатын. Осыдан бастап Дәуіт тұңғыш ұлы Амнонды ұдайы жоқтаумен болды. Ал Абессалом Гешур патшасы Амихуд ұлы Талмайға қашып барды. Ол сол жерде үш жыл тұрды.
Выбор основного перевода