Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіттің Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял кәрмелдік Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай патшалық құрған кезінде туды.Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды. Әбигел дереу жолға жиналып, есегіне мініп, қасына бес қызметші қызын ертіп алды. Осылай ол Дәуіттің жолдас жігіттеріне ілесіп барып, Дәуітке күйеуге шықты. Сонымен Дәуіттің екі әйелі болды, ол ізрелдік Ахиноғамға да үйленген еді. Бұдан біраз уақыт өткен соң Дәуіт ұлы Амнон Тамарға ғашық болып қалды. Тамар Дәуіт ұлы Абессаломның бірге туған қарындасы, өте сұлу қыз болатын.
Выбор основного перевода