Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ». Уа, Жаратқан, бірде Сен аян берген едің,Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің:«Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым,Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым: Мейірімімді оған мәңгі сақтаймын,Келісімімнен ешқашан бас тартпаймын. Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.
Выбор основного перевода